Алматы қаласында таңғы қарбалас уақытта метрополитен жұмысы кілт үзіліп, бекеттердегі пойыздар қозғалысы уақытша тоқтатылды. Жерасты көлігімен сапарлап бара жатқан мыңдаған жолаушы шұғыл түрде далаға шығарылып, мегаполисте нағыз көлік коллапсы орын алды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
«Райымбек батырдағы» дүрбелең және жарылғыш зат дабылы
Төтенше оқиға таңғы сағат сегіз шамасында, жұрттың жұмыс пен оқуға жаппай асығатын шағында басталды. «Райымбек батыр» бекетінде белгісіз әйел метро қызметкерлеріне жақындап, өзінде жарылғыш құрылғы бар екенін айтып, дабыл қаққан.
Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері әйелді дереу қолға түсірді. Алдын ала мәліметтер бойынша, ұсталған азаматшаның Психикалық денсаулық орталығында есепте тұрғаны белгілі болды. Бекетке арнайы саперлер мен кинологтар шақырылып, комиссиялық тексеру жүргізілді. Ғимарат пен пойыздарды тінтіген мамандар ешқандай жарылғыш зат пен күдікті бұйым таппады.
Есікті тарс жауып, жұртты далаға қуған сәт
Қауіпсіздік шаралары қажет болғанымен, метро әкімшілігі мен тәртіп сақшыларының жолаушылармен байланыс орнату тәсілі қала тұрғындарының наразылығын туғызды. Желіде ашуға булыққан алматылықтар сақшылардың халықтың бетіне есікті тарс жауып: «Метро істемейді, ары қарай автобуспен кетіңдер» деп дауыс көтергенін жарыса жазды.
«Метро істемейді, ары қарай автобуспен кетіңдер» – деп дауыс көтергенін жарыса жазды желіде ашуға булыққан алматылықтар.
Жерастында жүрген жолаушылар ешқандай нақты түсініктемесіз бекеттерден сыртқа шығарылып, жаңадан келгендер ішке кіре алмай қалды. Саяхат маңынан басталған абыр-сабыр орталық станцияларға дейін ұласып, тұрғындардың таңғы жоспарының күлі көкке ұшты.
Көшедегі көлік коллапсы: автобусқа сыймаған қалың бұқара
Жерастынан сыртқа ағылған мыңдаған адам қала көшелеріндегі қоғамдық көлік жүйесін бір сәтте тұралатып тастады. Аялдамаларға лық толған халық онсыз да лық толы келетін автобустарға сыймай, есіктеріне жабысты.
Такси қызметтерінің бағасы сұраныстың артуынан бірден бірнеше есеге шарықтап кетті. Метро тоқтаған сәтте үстіңгі көлік жүйесі бұл қысымды көтере алмай, Райымбек, Абылай хан және Сүйінбай даңғылдарының бойында ұзын-сонар кептелістер пайда болды.
Ertenmedia ракурсы: Ұсақ ақауға төтеп бере алмайтын қала жүйесі
Бүгінгі оқиға екі миллионнан астам халқы бар алып мегаполистің инфрақұрылымы қаншалықты қорғансыз әрі осал екенін әшкереледі. Есі дұрыс емес бір ғана адамның сөзі тұтас қаланың көлік қатынасын бір сағатта сал қылып тастады.
Әлемдік тәжірибеде жерасты көлігі тоқтаған жағдайда жолаушыларды тасымалдау үшін шұғыл түрде қосымша компенсациялық автобустар легі желіге шығарылуы тиіс. Ал Алматыда ақысын төлеп кірген адамдарды жай ғана көшеге қуып шығып, есікті жауып алудан басқа ештеңе ұйымдастырылмады.
Төтенше жағдай кезінде метро басшылығы мен қалалық көлік басқармасының өзара байланысы мүлде жұмыс істемеді. Әлемдік тәжірибеде жерасты көлігі тоқтаған жағдайда жолаушыларды тасымалдау үшін шұғыл түрде қосымша компенсациялық автобустар легі желіге шығарылуы тиіс. Ал Алматыда ақысын төлеп кірген адамдарды жай ғана көшеге қуып шығып, есікті жауып алудан басқа ештеңе ұйымдастырылмады.
Қала әкімдігі заманауи «ақылды қала» мен дамыған қоғамдық көлік туралы қанша мақтанғанымен, нақты дағдарыс сәтінде халықтың суықта далада қалуы басқару жүйесіндегі салғырттықтың белгісі. Егер қалада осындай күтпеген жағдайларға арналған баламалы жоспарлар жасалмаса, мегаполис тұрғындары кез келген ұсақ оқиғаның құрбаны болып қала береді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







