Ертең Санжар Боқаевтың ісі бойынша сот процесі басталады. Ол бірқатар қылмыстық іс жасады деген күдікке ілініп отыр – аса ірі мөлшердегі алаяқтық, заңсыз жолмен алынған қаражаттың ізін жасыру, гранит плиталар ұрлау, ағаш кесу және көрінеу жалған ақпарат тарату. Айыпталушылар қатарында оның туысы мен жеке мобилографы да бар.
Санжар Боқаевтың шын мәнінде кім екенін анықтап көруді жөн көрдік. Себебі оның «ескі Қазақстан» өкілдерінің сойылын соғып жүріп, кенеттен қоғам белсендісі болып шыға келуі қоғамдағы сырға толы оқиғалардың бірі.
Күні кеше ғана «Нұр Отанның» бұрынғы идеологы болған ол аяқастынан өзін әділеттілік үшін күресетін ымырасыз жауынгер ретінде көрсете бастады. Алайда, қағидатшыл қоғам қайраткерінің бетпердесінің артында мансаптық қайшылықтардан, бейресми жанжалдардан және атышулы дау-дамайлардан құралған өмірбаяны жасырынып жатыр.
«Ескі Қазақстанның» көлеңкелі политтехнологы
Боқаевтың кәсіби іргетасы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дан бастап, Мәскеу мемлекеттік және Колумбия университеттерінде тағылымдамаларға дейінгі жетекші оқу орындарында қаланды. Ұзақ жылдар бойы оның мансабы «ескі Қазақстанның» өкілдерінің қол астында өтті.
Ол ҚСЗИ ғылыми қызметкерінен бастап «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасарына дейінгі жолдан өтті. Ахметжан Есімовтің тұсында Алматы әкімдігінің жастар саясаты, ал кейінірек ішкі саясат басқармасын басқарды. Боқаевтың қызметтік тізімінде Президент Әкімшілігіндегі жұмыс та бар.
Ол Алматының ішкі саясатын басқарған тұста тәуелсіз басылымдар мемлекеттік органдар тарапынан қатты қысымға ұшырады деген пікірлер ел арасында әлі күнге дейін айтылып жүр.
Оның сол кездегі ықпалды тұлғалар – Дариға Назарбаева және оның жұбайы Қайрат Шәріпбаевпен байланысы ерекше назар аударады. 2015 жылдан 2019 жылға дейін Санжар Боқаев «ҚазТрансГаз» компаниясында Шәріпбаевтың кеңесшісі әрі жеке көмекшісі қызметін атқарғаны белгілі. Іс жүзінде ол бірнеше жыл бойы ықпалды отбасының жанында жүрып, олардың жеке тапсырмаларын орындаған, сондай-ақ сенімі мен қамқорлығына ие болған.
Айта кетерлігі, оның бұл отбасымен қарым-қатынасы тек Шәріпбаевқа жұмыс істеумен шектелген жоқ. 2019-2020 жылдары Дариға Назарбаева Сенат Төрағасы қызметін атқарған кезде, Боқаев оның штаттан тыс кеңесшісі болып та үлгерген.
Жасырын дау-дамайлар мен көзге шөп салуға әуестік
Дәстүрлі емес қарым-қатынасқа бейімділігі туралы қауесеттерге қарамастан, Боқаев үйленген, екі баласы бар. Бірақ әлеуметтік желілердегі ел аузындағы әңгімеге сүйенсек, оның нәзік жандыларға деген құмарлығы да бар дейді-мыс.
Алғашқы дабыл оның Алматы әкімдігінде жұмыс істеген кезінде-ақ қағылған болатын. Сол кезде жергілікті блогер Боқаевтың жас қызметкер қызға жыныстық қысым көрсеткені (харассмент) туралы оқиғаны жария етті. Жарияланым авторының мәлімдеуінше, бойжеткен басшылыққа шағымданған, бірақ ақырында жұмыстан кетуге мәжбүр болыпты. Сол кезде дәл осы жанжал Боқаевтың 2015 жылы әкімдіктен асығыс кетуімен тікелей байланыстырылды.
Алайда, «ҚазТрансГаз» бас директорының кеңесшісі қызметіне ауысып, қаржылық жағдайын түзеп алған Санжар өзінің романтикалық байланыстарын одан сайын кеңейте түскен көрінеді. Ашық дереккөздердегі мәліметтерге сүйенсек, ол өзінің тұрақты көңілдесімен бірнеше рет шетелге шыққан, ал 2021 жылы оған Алматыдан пәтер сатып әперген.
Политтехнологтың махаббат хикаялары бір ғана қызбен шектелмеген. Оның серіктерінің тізімінде басқа да әйелдердің есімі жиі аталады.
Қыруар қаржы қайдан келді?
Боқаевтың квазимемлекеттік сектордағы жұмысы оның материалдық жағдайының күрт жақсаруымен тікелей байланыстырылады.
Ол «ҚазТрансГаз» басшысының кеңесшісі лауазымына келе саласымен, оның иелігінде қымбат көліктер мен жылжымайтын мүлік пайда бола бастады.
Ашық дереккөздердегі мәліметтерге сәйкес, Боқаевтың Қазақстандағы автопаркі кемінде үш көліктен тұрады: шамамен 45 млн теңгеге бағаланатын «Toyota LC 300», «BMW 545» (25 млн теңге), «ZEEKR X» (15 млн теңге). Бұдан басқа «BMW» мотоциклі бар. Тағы бір қомақты актив – АҚШ-та орналасқан, құны шамамен 50 млн теңге тұратын «Toyota TUNDRA» пикабы.
Жылжымайтын мүлкіне келетін болсақ, Көктөбе бөктеріндегі зәулім үй мен қымбат тұрғын үй кешендерінде пәтерлері бер. Ал тағы басқа активтердің бір бөлігі туыстарының атына жазылған. Мәселен, Боқаевтың апа-қарындастарының атына төрт үлкен коттедж, жатақхана, сондай-ақ Қаскелең қаласы мен Алматы облысының Бесағаш ауылында екі ірі дүкен тіркелген.
Санжар Боқаевтың өмірбаяны – саяси құбылудың нақты үлгісі деуге келеді. Кешегі «Нұр Отанның» идеологы, мемлекеттік басқару механизмдері мен политтехнологияларды жақсы меңгерген маман оларды баю және әлеуметтік желілерде танымалдылығын арттыру үшін табысты пайдалана білді.
Бұл жердегі басты сұрақ – мұның артында не тұр? Боқаевтың көздегені не? Осыны анықтасақ, «Сіз шын мәнінде кімсіз, Боқаев мырза? » деген сұрақтың жауабын да табамыз.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







