Halyk Bank-тің және Ұлттық банктің бұрынғы басшысы Григорий Марченко Youtube-тегі «Купол Юрты» арнасына берген сұхбатында 2013 жылы девальвацияны қалай еңсермек болғандарын айтты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Оның айтуынша, 2013 жылы премьер-Министр Серік Ахметов Mittal Steel металлургиялық компаниясын қолдау жоспарын әзірлеген. Сол жоспардың тармақтарының бірінде девальвация жасау туралы ұсыныс болған. Ұлттық банк президентті бұл қадамнан бас тартуға көндірген.
Бірақ Марченко кеткеннен кейін девальвация бәрібір болған.
Ұлттық банктің басшылары Қайрат Келімбетов пен Данияр Ақышев болған кезде, яғни 2014-2015 жылдары үш девальвация болған. Доллар бағамы 2,5 есе, 150 теңгеден 380 теңгеге дейін өсті. Қажетсіз девальвация ірі экспорттаушылардың қысымымен болған. Лобби жасағандар, девальвация барлық мәселенің шешімі дегендер бұл жағдайды жақсартады деп сендірді, бірақ ақыр аяғында олай болмаған.
«Қазақмыс», «Қазмырыш» және Mittal Steel экспорттаушылары бұл жағдайда ұтты, өйткені олар сол долларға теңгемен көп ақша ала бастаған.
Бұл сол шешімді қолдайтын компаниялардың шеңберіне ғана тиімді болған.