Марқұм Шерзат Болаттың ағасы қайтыс болар алдында хат жазып кеткен, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Хат мәтінін Алматы облыстық Полиция департаменті жариялады
«Аға, не істесем де кешір. Бұл өмір. Мен бауырым өлгенін қаламадым. Барынша тырыстым сақтап қалуға. Аллаға керек болды. Оны да алып қойды. Аға, өмір түсін, біз үшін кек алуың керек. Сен сол үшін жаралғансың. Бірақ мен істеген істі қайталама. Сенде ұл-қыз бар. Соларды ойла. Мен сені қатты жақсы көремін, кешіріп қой. …Шерзаттың жанына жерлесең болды, басқа айтарым жоқ», — деп жазылған жазбада.
Еске салайық, бүгін Алматы облыстық полиция департаменті Талғар қаласының маңынан 30 жастағы ер адамның денесі табылғанын хабарлады.
Полиция марқұм Шерзат Болаттың отбасы барлық уақытта полицейлердің қорғауында болғанын да мәлімдеді.
«Марқұмның отбасына қатысты қандай да бір қауіп-қатер тіркелген жоқ. Күзеткен қызметкерлердің сөзінше, ер адам күзетілетін нысаннан сағат 23:30-да шығып, жеке көлікпен кетке. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жарияланбайды», — деп жазылған хабарламада.