Қазақстанда телефон алаяқтары енді салық органдарының қызметкері атынан қоңырау шалып, азаматтарды алдай бастады. Осыған байланысты Мемлекеттік кірістер комитеті тұрғындарға шұғыл ескерту жасады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Комитеттің дерегінше, алаяқтар өзін салық органының маманы ретінде таныстырып, салық төлеушілерді адастыруда.
Олар қазақстандықтарға хабарласып, қызмет түрін шұғыл растауды, тіркеу деректерін жаңартуды немесе мобильді қосымшалар арқылы «міндетті верификациядан» өтуді талап етеді екен.
«Алаяқтар азаматтарды бөгде мобильді қосымшаларды орнатуға, күмәнді сілтемелерге өтіп, жеке деректерін енгізуге мәжбүрлейді. Тіпті, SMS-кодтарды, электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) мәліметтерін, құпия сөз мен банк реквизиттерін де сұрайды», – дейді Мемкірістер мамандары.
Одан да сорақысы…
Алаяқтар азаматтарға e-Salyq немесе басқа қосымшаларды орнатпаса, «әрекеттеріңізді екі жыл сайын растап отырмасаңыздар, қызметтеріңіз тоқтатылады» деп қысым көрсеткен. Мемкірістер мұндай талаптардың барлығы да алаяқтық схема екенін қатаң ескертті.
«Мемлекеттік кірістер комитеті ешқашан мұндай қоңырау шалмайды, мобильді қосымшаларды телефон арқылы орнатуды, растау кодын беруді, банк картасының деректерін, ЭЦҚ кілтін, пароль мен күмәнді сілтемеге өтуді талап етпейді», – делінген хабарламада.
Комитет азаматтарды тек ресми дереккөзден ақпарат алып, белгісіз адамдарға жеке деректерін бермеуге шақырды. Бұған дейін Бас прокуратура ғаламторда меморгандардың атынан қазақтарға «қаржыңызды қайтаруға көмектесеміз» деген жалған ролик тарап кеткенін хабарлаған-ды. Әлгі видео қазірдің өзінде 300 мыңға жуық қаралым жинап үлгерген.
Айтқандай, бизнес үшін жақсы жаңалық бар. 2025 жылы рекордтық көрсеткішке жеткен ForteBank капиталын күшейтіп, кредиттеу мүмкіндігін кеңейтетін жаңа кезеңге қадам басты.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







