Нығматуллиндер меншігіндегі дүниелерді мемлекетке қайтара бастаған сыңайлы. Бұл туралы дереккөздер жазды. Мәліметке сүйенсек, Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматуллиннің әулетіне қатысы бар қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубы мемлекет меншігіне өткен. Прокуратура заңсыз берілген 37 жер телімін, «Сарыарқа» хоккей клубын қайтарды, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Bilgen Durys арнасы мәліметінше, «Сарыарқа» клубы бұған дейін Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматуллиннің ағасы Арғын Нығматуллинмен байланысты болған. Арғын Нығматуллин клубты құрып, 2018 жылы директор қызметінен кеткеннен кейін кеңесшісі болып қалды.
Бұған дейін прокуратура 2023 жылғы 12 шілдеде Мемлекет басшысы «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заңға қол қойғанын, заң шеңберінде негізгі міндет заңсыз алынған мүлікті анықтау және мемлекетке қайтару, сондай-ақ, мүлікті заңсыз алып қоюға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау екенін хабарлады.
Осылайша Бас прокуратура құны 900 миллион теңге болатын «Сарыарқа» хоккей клубын мемлекет меншігіне қайтарылғанын мәлімдеді.
Қазір прокурорлар мемлекеттік мүлікті жекешелендірудің заңдылығын тексеріп жатыр.