Полиция 2000 жылдары Оралда болған кісі өлімі қылмысын ашты, — деп хабарлайды ErtenMedia.
Қайғылы оқиға 2000 жылы желтоқсанда болған. Оқиға салдарынан екі тұрғын оқ жарақатынан қаза тапқан. Қылмыстың жасалуына ақша мәселесі себеп болған.
Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде екі күдікті, яғни тапсырыс беруші мен орындаушы ұсталған.
«Тікелей дәлелдер болмауына байланысты қылмыс ұзақ уақыт бойы ашылмады. Алайда жедел тергеу тобының мұқият жұмысының арқасында оқиғалар тізбегін қалпына келтіріп, күдіктілерді анықтау мүмкін болды. Соталды тергеп-тексеру барысында олардың қылмысқа қатысы барын растайтын қосымша айғақтар алынды», — деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.
Қылмыстық іс «Алдын ала сөз байласу бойынша топтың екі немесе одан да көп адамды өлтіруі» бабы бойынша жүргізіліп жатыр.