Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи премьер-министр Олжас Бектеновке отандық кәсіпкерлерді Еуразиялық экономикалық одақтың озбыр талаптарынан қорғауға шақырды. Үкімет басшысының тісі батпаса, депутаттар көмектесуге дайын екенін мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеп.
Ешқандай баж, салықпен шектелмеген шетелдік зауыттар отандық тауар өндірушілерді тұншықтырып жатыр.
Олардың қызмет-қарымын шідерлеп тастаған ең бірінші кесапат – Еуразиялық экономикалық одақтың бізге өрескел қолайсыз шарттары.
«Бірақ оны сыртқы саясаттың салқыны салдарынан үкімет дауыстап айта алмайды. Ендеше, біз, депутаттар айтайық! ЕАЭО келісіміне толықтай болмаса да, жекелеген позицияларына ревизия жасайтын уақыт келді. Бұдан ары кешіктіру – отандық тауар өндіру бизнеске өліммен тең!» – дейді ол.