Францияда Telegram желісінің негізін қалаушы Павел Дуровты қамауда ұстау мерзімі 48 сағатқа ұзартылды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Ол Париж әуежайында өзі құрған мессенджерге байланысты құқықбұзушылықтар жасады деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы жергілікті басылымдар жазды. Дуровты қамауға алу мерзімі тергеу судьясының шешімі бойынша ең көп дегенде 96 сағатқа дейін созылуы мүмкін.
Осы кезең аяқталғаннан кейін судья босату немесе айып тағу не қамауда ұстау мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдауы мүмкін.
Францияның Әділет министрлігі алаяқтық, есірткі саудасы, кибербуллинг, ұйымдасқан қылмыс және терроризмді насихаттау секілді болжамды қылмыстарды алдын ала тергеу аясында Дуровты тұтқындауға санкция берген.
Дуров оның платформасын қылмыстық мақсатта пайдаланудың жолын кесу бойынша шаралар қабылдамады деген күдікке ілініп отыр.