Археологтар Польшаның Пень ауылындағы XVII ғасырға жататын зираттан ерекше жаңа балалар жерлеулерін тапты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Олардың бірінде қалдықтардың орналасуына қарағанда, етпетінен жерленіп, аяқтары жерге темір өзекпен қосымша бекітілген баланың қаңқасының төменгі бөлігі сақталған. Қаңқаның жоғарғы бөлігі жоқ, зерттеушілер оның әдейі алынып тасталғанын немесе кейіннен жоғалғанын әзірге білмейді.
Ежелгі наным мен дәстүрлі жоралғылар
Тағы бір баланың қабірі мұнда 2025 жылы табылды. Баланың иығына ауыр тастар қойылған, тағы бір тас қарнында болған.
Мұндай әрекеттер марқұмның «қайтып оралуына» жол бермеуге бағытталған рәсім болуы мүмкін, алайда ғалымдар мұндай қабірлерді бірден «вампирлік» деп атауға әлі ерте екенін, өзге де діни түсіндірмелер болуы мүмкін екенін алға тартады.
Пеньдегі зират 2022 жылы мойнына орақ және бас бармағына құлып салынған жас әйел табылғаннан кейін танымал болды. Қазір археологтар жүзден астам жерлеуді зерттеп үлгерді, олардың арасында етпетінен жатқызылған мәйіттер, құлыптар, орақтар және тастар қойылған қабірлер кездеседі.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







