25 желтоқсанда Ақтауда ұшақ апатқа ұшыраған жерден сырға табылған. Оны астаналық көріпкел Айгүл Бердіғалиева тапқан. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында айтты, — деп хабарлайды ErtenMedia.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Бердіғалиева қайғылы оқиға болған жерден сырға тапқанын және оны қайтыс болған адамның туыстарына бергісі келетінін айтқан видео пайда болған еді. Кейіннен тергеу аясында табылған зергерлік бұйымды полицейлер алып кеткен.
Ақтау маңында ұшақ апатқа жерден Айгүл Бердіғалиева тапқан сырға кімге тиесілі екені белгілі болды. Әзербайжандық 1news.az басылымы осы сырғаның иесін тапқан.
«Бердіғалиеваға хабарласып, сырғаның иесі болуы мүмкін адамды іздеуге қатысып, зергерлік бұйым қазір Бакуде комада жатқан Халаева Хафисат Гусейнқызына тиесілі екенін анықтадық», — деп жазылған мәліметте.
Басылым Халаеваның жұбайымен байланысқа шыққан. Оның сөзінше, бұған дейін құқық қорғау органдарының қызметкерлері жоғалған әшекейдің бір бөлігін берген, бірақ жаңадан табылған сырға туралы әлі ештеңе білмейді.
Сондай-ақ, жәбірленушінің жұбайы редакцияға әшекейдің суретін жіберген.
«Комада жатқан әйел авар ұлтынан, Әзербайжанның Балакен ауданында тұрады», — деп жазылған басылым мәліметінде.
Айта кетейік, Баку-Грозный бағыты бойынша рейсті орындаған AZAL әуекомпаниясының Embraer 190 ұшағы 25 желтоқсанда Ақтау қаласының маңында апатқа ұшыраған болатын.
Ұшақта 67 адам болды — бес экипаж мүшесі және 62 жолаушы. Ұшақ апатынан 38 адам қаза тауып, 29 адам аман қалды.