Қарағанды облысында пайдаланылмай жатқан жер мемлекет меншігіне қайтарылды, — деп хабарлайды ErtenMedia.
Нұра ауданының прокуратурасы жүргізген тексеріс барысында 46 271 гектар көлемінде пайдаланылмай жатқан ауылшаруашылығы учаскесі анықталған. Жердің кадастрлық құны 258 миллион теңгеден асады.
«Жер учаскесі ұзақ уақыт бойы өз мақсаты бойынша пайдаланылмай келген. Қабылданған шаралар нәтижесінде жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Енді бұл жер оны ауыл шаруашылығын дамытуға тиімді пайдалана алатын жауапты азаматтарға беріледі», — деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысында пайдаланылмай жатқан 9 гектар жер мемлекетке қайтарылды.
2024 жылы мемлекет меншігіне 89,7 мың га 357 жер учаскесі қайтарылды. Осылайша, жоспар 128% орындалған.