Қырғызстанда мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенген топ мүшелері ұсталды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Елдің Ұлттық қауіпсіздік комитеті елдегі қоғамдық-саяси жағдайды тұрақсыздандырып, билікті күштеп басып алмақ болған деструктивті топтың әрекетіне тосқауыл қойылғанын хабарлады.
Арнайы операция кезінде төрт адам ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің дерегінше, топ мүшелері криминалдық және радикалды діни идеологияны ұстанған.
Күдіктілердің үйлері мен көліктеріне жүргізілген тінту барысында қолдан жасалған жарылғыш заттарға арналған бөлшектер, атыс қаруы мен оқ-дәрі, сауыт-сайман, полиция қызметкерлерінің арнайы киімдері, байланыс құралдары, дрондар, экстремистік әдебиет және басқа да тыйым салынған заттар табылып, тәркіленді.
Қазір осы дерек бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.

