Қазақстандықтарға өздерін Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкері ретінде хабарласатын алаяқтар туралы ескерту жасалды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, белгісіз адамдар азаматтарға қоңырау шалып, «қызмет түрін растау», «тіркеу дерегін жаңарту» немесе «тексеруден өту» қажет екенін айтып жатыр.
Алаяқтар көбіне e-Salyq немесе басқа қосымшаны жүктеуді талап етеді. Кей жағдайда олар «әр екі жыл сайын қызметті растау керек» деп сендіріп, талап орындалмаса кәсіпкерлік қызмет тоқтатылуы мүмкін деп қорқытады.
Сонымен қатар азаматтардан SMS-код, банк картасының дерегі, ЭЦҚ кілті, пароль немесе бөгде сілтеме арқылы авторизация сұралады.
КГД мұндай талаптардың шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді. Ведомство телефон арқылы қосымша орнатуды, SMS-код айтуды, банк дерегін немесе ЭЦҚ мәліметін беруді ешқашан сұрамайтынын ескертті.

Мамандар күмәнді қоңырау түскен жағдайда әңгімені бірден тоқтатуға кеңес береді. Ақпаратты тек ресми МКК ресурстары арқылы тексеру қажет.
Соңғы уақытта мемлекеттік орган атын жамылған телефон алаяқтары көбейіп келеді. Олар көбіне азаматтарды асықтырып, қорқытып немесе «шұғыл тексеріс» деген сылтаумен сендіруге тырысады. Сондықтан жеке дерек пен қаржылық ақпаратты бөгде адамға бермеу маңызды
Қазақстандық кәсіпкерлер үшін жаңа жылдан бастап салық төлеу айтарлықтай жеңілдеді. Бұдан былай бизнес өкілдері салық қарызын кепілсіз-ақ кейінге қалдырып немесе бөліп төлей алатынын білесіз бе?
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







