Айтбек Амангелді Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов тергеу изоляторынан бүгін шығатынын айтты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
«Бүгін түнде Қаржауды босатады. Адвокаттармен оны қарсы аламыз. БАҚ өкілдері де сонда болады», — деді ол.
Еске салайық, 9 желтоқсанда Алматы облысында Шерзат Болаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаев өлі табылған еді. Полиция департаментінің алдын ала деректері бойынша ол суицид жасаған. Оған дәлел ретінде полицейлер Нұрқанаттың туысына мессенджер арқылы жазған хатын жария етті.
Ал жерлеу рәсімінен соң Шерзаттың әкесі ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Кейін сот шешімі шығып, ол 15 тәулікке қамалды.
Шерзат Болаттың өзге де туыстарына қатысты сот үкімі шықты. Оның ішінде Шерзаттың әпкелері де бар.