Шығыс Қазақстан облысында Жеңіс күніне орай ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне әлеуметтік көмек көрсетіледі,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz
Жергілікті атқарушы органдардың шешімімен, бюджет қаражаты есебінен Жеңістің 80 жылдығына орай соғысқа қатысушылар мен куәгерлерге біржолғы әлеуметтік қолдау көрсетіледі.
Ресми деректерге сәйкес, облыс аумағында қазіргі таңда ҰОС қатысы бар 4 264 адам тұрады.
МЫНАНЫ ДА ОҚИ КЕТІҢІЗ
Құландар мекені Жетісу туризмінің жаңа бағытын таныттыСарыөзекте 40 жыл жөндеу көрмеген аурухана жаңардыМаңғыстауда баламасы жоқ Bilim & Science студенттік зерттеу орталығы ашылдыБекітілген жоспарға сәйкес:
- 12 ҰОС қатысушысы мен мүгедегіне – 5 млн теңгеден;
- 190 ардагерге – оның ішінде тыл еңбеккерлері, блокада куәгерлері, концлагерь тұтқындары және майдангерлердің жесірлері – 130 мың теңгеден;
- 4 062 тыл еңбеккеріне – 80 мың теңгеден төлем беріледі.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







