24 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Елдің батысында шаңды дауыл болжанса, солтүстік өңірлерде жаңбыр жауып, жел екпіні секундына 20 метрге дейін күшейеді, – деп жазады Ertenmedia.kz.
«Қазгидромет» мәліметінше, Астанада көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын болмайды. Түнде ауа температурасы +5…+7 градус, күндіз +19…+21 градус болады. Жел жылдамдығы секундына 5-10 метрге жетеді.
Алматыда да жауын-шашын күтілмейді. Түнде +12…+14 градус, күндіз +25…+27 градус жылы болады. Шымкентте ауа температурасы түнде +12…+14, күндіз +27…+29 градусқа жетеді.
Батыста ең ыстық ауа райы Ақтауда тіркелмек. Қалада күндіз +32…+34 градус, түнде +20…+22 градус болады. Атырауда күндіз +28…+30 градус жылы болып, жел екпіні секундына 15-18 метрге дейін күшейеді.
Оралда түнде +13…+15 градус, күндіз +26…+28 градус болжанып отыр. Ақтөбеде ауа температурасы түнде +7…+9 градус, күндіз +24…+26 градус болады. Екі қалада да жауын-шашын жаумайды.
Солтүстік өңірлерде ауа райы құбылмалы болады. Көкшетауда жаңбыр жауып, күндіз +19…+21 градус жылылық сақталады. Петропавлда да жаңбыр күтіліп, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді, ауа температурасы күндіз +17…+19 градус болады.
Қостанайда жауын-шашынсыз, түнде +7…+9, күндіз +21…+23 градус болжанады. Павлодарда күн ашық болып, температура түнде +5…+7, күндіз +18…+20 градусқа дейін көтеріледі.
Орталық Қазақстанда күн салқындай түседі. Қарағандыда күндіз +16…+18 градус, Жезқазғанда +22…+24 градус болады. Екі қалада да жауын-шашын күтілмейді.
Шығыс өңірлерде де күн ашық әрі салқын болады. Семейде түнде +5…+7, күндіз +17…+19 градус болжанады. Өскеменде түнгі температура +4…+6 градусқа дейін төмендеп, күндіз +17…+19 градус болады.
Жетісуда тәуліктік температура айырмасы айқын сезіледі. Талдықорғанда түнде небәрі +3…+5 градус болғанымен, күндіз ауа +24…+26 градусқа дейін жылынады. Қонаевта түнде +11…+13, күндіз +27…+29 градус болады.
Оңтүстікте жылы әрі желді ауа райы сақталады. Таразда күндіз +26…+28 градус, Түркістанда +27…+29 градус болжанады. Түркістанда желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшеюі мүмкін.
Қызылордада күн ашық болып, түнде +12…+14, күндіз +26…+28 градус болады. Жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Мамандар екпінді жел мен шаңды дауыл кезінде алыс жолға шыққанда сақ болуға кеңес береді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







