Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин депутаттардың дүкендер үшін эквайринг комиссиясын 0,5%-ға дейін шектеу туралы ұсынысын қолдамады. Оның айтуынша, бағаны реттеу қаржы нарығы мен қызмет сапасына кері әсер етеді.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы мен отандық банктер синдикаты $700 млн-ға дейінгі сомаға кредиттік келісім жасасты. Қаражат ҚДБ алдындағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға бағытталады.