Вашингтонда апатқа ұшырап, Потомак өзеніне құлаған ұшақ бортында мәнерлеп сырғанаудан жұптық әлем чемпиондары Евгения Шишкова мен Ресей құрамасының мүшесі Вадим Наумов болған, — деп хабарлайды ErtenMedia.
Orda.kz мәліметінше, 52 жастағы Шишкова мен 55 жастағы Наумов — 1994 жылғы әлем чемпионатының жеңімпаздары.
Олар конькимен сырғанаудан әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегерлері, Еуропа чемпионатының бір күміс және төрт қола жүлдегері атанған. Мансаптарын аяқтағаннан кейін Шишкова мен Наумова жаттықтырушылыққа ауысып, 1998 жылдан бері АҚШ-та тұрады.
Айта кетейік, АҚШ астанасы Вашингтондағы Рональд Рейган әуежайының маңында ұшақ тікұшақпен соқтығысып, өзенге құлаған болатын.
Оқиға маңында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар, тікұшақтар мен қайықтар жұмылдырылған.
Канзас штатының сенаторы Роджер Маршалдың сөзінше, Вичитадан Вашингтонға ұшқан ұшақтың бортында 60-қа жуық жолаушы болған.