Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа жылды қалай қарсы алатыны белгілі болды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Президенттің кеңесшісі — баспасөз хатшысы Берік Уәли Tengrinews.kz сауалына жауап беріп, Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа жылды қалай қарсы алатынын және алдағы мереке күндеріне қандай жоспарлары бар екенін айтты.
Мемлекет басшысы мейрамды әдетте қалай қарсы алады? Қаңтар айының алғашқы күндері демалысқа немесе сапарға шығуды ойластырып отырған жоқ па?
«Мемлекет басшысы Жаңа жылды еліміздің миллиондаған азаматтары секілді өз шаңырағында, туыстарымен бірге мерекелік дастарқан басында қарсы алады. Президенттің Жаңа жылда шетелге шығу немесе демалу туралы жоспары жоқ.
Қасым-Жомарт Кемелұлының демалысқа уақыты тапшы деуге болады. Президент мереке күндері де жұмыс істейді, құжаттар қарайды», — деп жауап берген Берік Уәли Tengrinews.kz сауалына.