Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) бекіткен күнтізбесіне сәйкес, 2026 жылы Құрбан айт мейрамы мамыр айының 27–29 аралығында аталып өтеді. Мерекенің алғашқы күні, яғни 27 мамыр, ел аумағында ресми демалыс күні болып жарияланды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
2026 жылы Құрбан айт сәрсенбі күніне тұспа-тұс келіп, қазақстандықтарға апта ортасында бір күн қосымша демалыс беріледі.
Бес күндік жұмыс аптасымен қызмет ететін қазақстандықтардың демалыс күндері мынадай ретпен өтеді:
- 25 және 26 мамыр (дүйсенбі, сейсенбі) – жұмыс күндері;
- 27 мамыр (сәрсенбі) – Құрбан айт мерекесіне байланысты демалыс;
- 28 және 29 мамыр (бейсенбі, жұма) – жұмыс күндері;
- 30 және 31 мамыр (сенбі, жексенбі) – әдеттегі демалыс күндері.
Ал алты күн жұмыс істейтін азаматтар үшін де 27 мамыр күні ресми демалыс.
Құрбан айт иіс мұсылман қауымының ең ұлық мерекелерінің бірі. Осы күні адамдар құрбандық шалып, қайырымдылық жасап, бір-біріне мейірімділік танытады. Құрбан айт жыл сайын ислам күнтізбесі бойынша Зүл-хиджа айының оныншы күні басталады. Осы себепті оның нақты күні әр жылы өзгеріп отырады.
Айтқандай, бизнес үшін жақсы жаңалық бар. 2025 жылы рекордтық көрсеткішке жеткен ForteBank капиталын күшейтіп, кредиттеу мүмкіндігін кеңейтетін жаңа кезеңге қадам басты.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







