Қазақстанда 7 шілде күні аптап ыстық сақталады. «Қазгидромет» болжамынша, сейсенбіде елдің бірқатар өңірінде жаңбыр жауады. Кей қалада найзағай ойнап, жел күшейеді. Оңтүстікте және батыстың кей жерінде ауа температурасы 40 градустан асуы мүмкін, деп жазады Ertenmedia.kz.
Астанада күн бұлтты болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел секундына 7-12 метр. Түнде +17… +19 градус, күндіз +30… +32 градус.
Алматыда да жаңбыр күтіледі. Найзағай ойнап, жел екпіні 13 метрге жетеді. Түнде +19… +21 градус, күндіз +30… +32 градус болады.
Шымкентте жауын-шашын болмайды. Жел секундына 8-13 метр. Түнде +17… +19 градус, күндіз +35… +37 градус ыстық болады.
Ақтауда күн құбылмалы бұлтты. Жауын-шашын күтілмейді. Жел екпіні 15-20 метрге жетеді. Түнде +22… +24 градус, күндіз +33… +35 градус.
Ақтөбеде жаңбыр мен найзағай болжанды. Жел екпіні 15-20 метрге дейін күшейеді. Түнде +19… +21 градус, күндіз +35… +37 градус.
Атырауда күн бұлтты болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел екпіні 15-18 метрге жетеді. Түнде +23… +25 градус, күндіз +32… +34 градус.
Жезқазғанда жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел секундына 7-12 метр. Түнде +17… +19 градус, күндіз +33… +35 градус.
Қарағандыда күн бұлтты болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел секундына 5-10 метр. Түнде +16… +18 градус, күндіз +25… +27 градус.
Жаздың ең ыстық күндерінің бірі
Көкшетауда жауын-шашын болмайды. Жел секундына 5-10 метр. Түнде +17… +19 градус, күндіз +28… +30 градус.
Қонаевта күн құбылмалы бұлтты. Жаңбыр күтілмейді. Жел секундына 9-14 метр. Түнде +19… +21 градус, күндіз +33… +35 градус.
Қостанайда да жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел секундына 3-8 метр. Түнде +18… +20 градус, күндіз +31… +33 градус.
Қызылордада аптап ыстық күшейеді. Жауын-шашын болмайды. Жел секундына 7-12 метр. Түнде +22… +24 градус, күндіз +38… +40 градус.
Павлодарда жаңбыр жауады. Найзағай ойнайды. Жел секундына 9-14 метр. Түнде +17… +19 градус, күндіз +28… +30 градус.
Петропавлда жауын-шашын күтілмейді. Жел секундына 9-14 метр. Түнде +17… +19 градус, күндіз +28… +30 градус.
Семейде күн бұлтты болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел екпіні 15-20 метрге жетеді. Түнде +15… +17 градус, күндіз +28… +30 градус.
Талдықорғанда жауын-шашын болмайды. Жел секундына 3-8 метр. Түнде +14… +16 градус, күндіз +34… +36 градус.
Таразда күн құбылмалы бұлтты. Жаңбыр күтілмейді. Жел секундына 9-14 метр. Түнде +20… +22 градус, күндіз +34… +36 градус.
Түркістанда күн ыстық болады. Жауын-шашын болмайды. Жел екпіні 15-20 метрге жетеді. Түнде +20… +22 градус, күндіз +38… +40 градус.
Оралда күн құбылмалы бұлтты. Жаңбыр жаумайды. Жел секундына 7-12 метр. Түнде +16… +18 градус, күндіз +30… +32 градус.
Өскеменде жауын-шашын күтілмейді. Жел екпіні 15-20 метрге жетеді. Түнде +15… +17 градус, күндіз +30… +32 градус.
Синоптиктер елдің оңтүстігінде қатты ыстық сақталатынын ескертеді. Ал орталық, шығыс және батыс өңірлердің кей қаласында жаңбыр мен найзағай күтіледі.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







