Kaspi.kz Humo төлем жүйесінің операторы болып табылатын «Ұлттық банкаралық процессинг орталығы» АҚ жарғылық капиталындағы 100% мемлекеттік үлесті сату бойынша саудаға қатысуға қызығушылық білдірді. Тиісті хат Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік активтерді басқару агенттігінің кеңесшісі Deloitte халықаралық компаниясына жіберілді.
Humo – бұл Өзбекстан мен шетелде операцияларды жүзеге асыруға арналған банк төлем карталары негізіндегі төлем жүйесі. Humo төлем жүйесі аясында 27 миллион HumoCard шығарылған, 6 400 банкомат және 210 мыңнан астам терминал жұмыс істейді.
Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz-тің басшысы және негізін қалаушылардың бірі:
«Өзбекстан экономикасы қарқынды дамып келеді және біз мемлекеттің нарықтық экономикақағидаттарына ашықтығы мен жақындық принципі жоғары деңгейде екенін көріп отырмыз.
Инвесторлар мен Kaspi.kz сияқты ашық компаниялар үшін тартымдылықты арттыруға бағытталған реформалар сәтті жүзеге асырылуда. Біздің инвесторлар мен акционерлеріміздің қатарында BlackRock, Fidelity, Capital International, Ballie Gifford және басқа да әлемдегі ең беделді америкалық және жаһандық технологиялық компаниялардың инвесторлары бар.
Біз Humo-ның қазіргі бизнес моделін төлем технологиялары мен қызметтерін дамытудағы мол тәжірибемізбен толықтырып, дамытуды жоспарлап отырмыз. Бұл қолма-қол ақшасыз төлемдердің өсуінің катализаторы болып, экономиканың өсуіне ықпал етеді.
Өзбекстанда Humo төлем қызметтерін барлық қатысушылар үшін одан әрі қолжетімді және ыңғайлы ету үшін технологиялар мен қызметкерлерге айтарлықтай инвестиция салуды жоспарлап отырмыз. Бұл инвестициялардың нәтижесінде Humo қосымша серпін алып, өз технологиялық мүмкіндіктерін кеңейтеді және инновациялар саласында көпшілікке үлгі болады. Бұл өз кезегінде Өзбекстанның инвестициялық тартымдылығының одан әрі артуына әкеліп, ел экономикасына шетелдік инвестицияларды тартудың драйвері болады».
Kaspi.kz миссиясы – сүйікті клиенттер мен серіктестердің өмірін жақсартатын әлемдік деңгейдегі инновациялық өнімдер мен қызметтерді құру. Компания төлем жүйесінің операторы болып табылады және Қазақстанда электрондық коммерция, қолма-қол ақшасыз төлемдер мен қаржылық қызметтерді ұсынады.
2024 жылы Kaspi.kz компаниясы NASDAQ АҚШ қор биржасында алғашқы жария орналастыруды (IPO) өткізді, бұл АҚШ-тағы соңғы екі жылдағы ең ірі жария орналастырулардың бірі болды. Қазіргі уақытта компанияның нарықтық капитализациясы шамамен 24 миллиард АҚШ долларын құрайды.
Гарвард бизнес мектебі (Harvard Business School) бірнеше жыл бойы магистратура студенттері оқып келе жатқан екі оқу материалын жазды, бұл өз алдына ерекше факт болып табылады. Халықаралық сарапшылар Kaspi.kz-ті азаматтардың өмірін жақсартатын технологиялардың ерекше мысалыдеп санайды.