Орталық сайлау комиссиясында АЭС құрылысы бойынша референдумның алдын-ала қорытындысы жарияланды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Орталық Төрағасы Нұрлан Әбдіровтың мәліметінше, референдумге 5 миллионнан аса қазақстандық қатысқан.
«7 қазан таңындағы алдын ала дауыс беру нәтижелері келесідей көрінеді: 71,12 пайыз азамат қолдады, ал 2 452 071 азамат қарсы дауыс берді», — деді ол.
Кеше Қазақстан аумағында АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтті.
Референдум 6 қазанда сайлау учаскелерінде сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өтті. Бұл ретте 80-нен аса учаске өз жұмысын 06:00-де бастады. Республика бойынша дауыс беруге арналған 10 000-нан аса учаске құрылды. Шетелде Сеул мен Токиода учаскелер бірінші ашылды.
Жергілікті атқарушы органдар республика бойынша дауыс берушілердің тізіміне 12 миллион 244 мың 683 азаматты енгізді.