Павлодар облысының прокуратурасы агроөнеркәсіп кешенін субсидиялау саласында тексеру жүргізді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Облыста агроөнеркәсіп кешенін дамытудың мақсатты көрсеткіштеріне қол жеткізіліп жатпағаны анықталды.
Агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласындағы заңсыз әрекеттердің салдарынан мемлекетке келтірілген шығын шамамен 500 миллион теңге болады.
«2 ауылшаруашылығы тауарын өндіруші заңсыз баю мақсатында жалпы сомасы 132 млн теңгеге техника сатып алуға субсидия алып, кейіннен басқа мақсатқа жұмсаған», — деп жазылған хабарламада.
Бюджет қаражатын ұрлаудың анықталған схемалары бойынша процестік шешім қабылдау үшін материалдар жиналып жатыр, облыс әкімдігіне заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыным енгізілді.