Telegram арналарының бірінде Сәтбаев қаласының тұрғындары ресейлік «Орешник» баллистикалық зымыраны ұшырылғанын көргені туралы ақпарат тарады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
Мәліметке сүйенсек, оқиға 21 қарашада болғаны айтылады. Дегенмен бұл — жалған ақпарат.
Қазақстан тұрғындары ресейлік «Союз-2.1а» зымыранын көрген болуы мүмкін. 21 қарашада Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған зымыран бортында «Прогресс МС-29» жүк кемесі бар. Бұл туралы Ресейдің «РИА Новости» ақпараттық агенттігі хабарлады.
«Байқоңыр ғарыш айлағынан «Прогресс МС-29» жүк кемесі бар «Союз-2.1а» зымыраны ұшырылды. Ол кемені төмен жер орбитасына шығарды. Халықаралық ғарыш станциясына екі күнде жетеді, ХҒС ресейлік сегментінің «Іздеу» модуліне 23 қарашада Мәскеу уақытымен сағат 17:36 қонады деп жоспарланған», — деп хабарлады РИА Новости агенттігі.