Ертең Ресей президенті Владимир Путин Астанаға келеді. Елорда Ресей басшысының сапарына қызу дайындалып жатыр, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Қалада Ресейдің тулары ілінген.
Айта кетейік, Путин Қазақстанға Тоқаевтың шақыруымен келе жатыр.
Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіледі. Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресейдің ХХ Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнеконференция режимінде қатысады.
28 қарашада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы өтеді.
Жиында аймақтық және халықаралық қауіпсіздіктің негізгі мәселелері талқыланады.
Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылады.