Ақтау маңындағы ұшақ апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеп.
«Қазір Көліктегі полиция басқармасының қызметкерлері «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан көлік құралын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бабы бойынша соталды тергеу амалдарын бастады», — делінген хабарламада.
Айта кетейік, 25 желтоқсанда Ақтау маңында ұшақ апатқа ұшырады. Ұшақ Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан. Бұл ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі.
Кейінірек Төтенше жағдайлар департаменті оқиға орнына барды. Құтқарушылар жеткен кезде ұшақ өртеніп жатқаны анықталды.