Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2024 жылы қазақстандықтардан қанша қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленгенін мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
2024 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция және прокуратура органдарымен бірлесіп, қару-жарақтарды, оның ішінде Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланғандарды іздеу және заңсыз айналымнан алу бойынша бірқатар жедел іздестіру іс-шарасын жүргізді.
Нәтижесінде қарудың қайта айналымының 7 арнасы, сатудың 7 ішкі арнасы және оны жасайтын жасырын 4 цех жойылған.
«58 Калашников автоматы, 283 мылтық, 164 тапанша, 115 граната және әртүрлі калибрдегі 15 мыңнан аса оқ-дәрі тәркіленді», — деп жазылған хабарламада.