Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус метапневмовирус туралы пікір білдірді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
ДДСҰ басшысының сөзін Мажарстанның Сыртқы істер және сыртқы экономикалық байланыстар министрі Питер Сийярто келтірді.
«Ескі досым, әріптесім, ДДСҰ бас директоры Тедрос Гебрейесуспен телефон арқылы кеңестім. (…) Досым Тедрос кейінгі кездегі қорқынышты жаңалықтардан кейін мені сабырға шақырып, қазір денсаулық сақтау саласында қандай да бір жаһандық төтенше жағдай қаупі жоқ екеніне сендірді. БАҚ-та жиі талқыланған вирус ДДСҰ сарапшыларына жақсы таныс және оның түрлері бұған дейін де бірнеше рет, әдетте қыс айларында пайда болған», – деп жазды Петер Сийярто Facebook желісінде.
Метапневмовирус қандай вирус?
Адам метапневмовирусы алғаш рет 2001 жылдың соңында Нидерландтағы науқастан анықталған. 2018 жылға қарай вирустың екі генотипі (А және В сызықтары) анықталды, олардың әрқайсының екі субтипі болған.
Адам метапневмовирусы әлемде кең таралған. Мамандардың пікірінше, ол адамдар арасында кем дегенде 1950 жылдардың соңынан бастап тарап келеді. Вирус жыл бойы белсенді болады, бірақ маусымдық ауытқуы бар.
Метапневмовирустың негізгі белгілері қандай?
Аурудың таралуының негізгі жолы — ауа, тамшы, байланыс және тұрмыстық тәсіл.
Метапневмовирустық инфекцияның белгілері суық тиюге, тұмауға және басқа респираторлық инфекцияларға ұқсас: жөтел, мұрыннан су ағу, тамақ ауруы және температураның жоғары болуы.