ҚМДБ 2025 жылғы Рамазан айына байланысты мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды ErtenMedia.
Рамазан айы қашан басталады?
Биыл Рамазан айы 1 наурызда басталады.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі Түркі мемлекеттері ұйымына қарасты Мүфтилер алқасы жанындағы Пәтуа кеңесімен ақылдаса келе биылғы Рамазан айының басталатын күнін бекітті.
Ортақ пәтуаға сәйкес қасиетті Рамазан айы 1 наурызда басталады. Ал наурыз айының 26-нан 27-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 30 наурыз – Ораза айт мерекесі.
Пітір садақа мөлшері қанша?
Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде пітір садақасы еліміз бойынша екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 655 теңге болып бекітілді.
Ораза кестесін қайдан қарауға болады?
Өзіңізге қажет облыс, қала, аудан және ауылдың (барлығы 6000 елді мекен) ораза және намаз кестесін мына жерден жүктеп алуға болады.