2025 жылғы 6 мамырда Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінде Отан қорғаушылар күні мен Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz
Іс-шараға жеке құрам, ардагерлер және құрылымдық бөлімшелердің өкілдері қатысты. Қатысушылар соғыс ардагерлеріне тағзым етіп, бір минут үнсіздік жариялады. ТЖД бастығының м.а. подполковник Даурен Оразбеков пен Ардагерлер кеңесінің төрағасы Мират Кабылов құттықтау сөз сөйлеп, ардагерлерге алғыс білдірді.
Жиын барысында бірқатар қызметкерлерге ведомстволық марапаттар, оның ішінде “Азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін” төсбелгісі, Құрмет грамоталары, Алғыс хаттар мен арнаулы атақтар табысталды. Ардагерлерге «Ардагер – Ветеран» және «Құрметті ардагер» төсбелгілері берілді.
Шара патриоттық әндермен және бейнероликпен аяқталды.