Петропавлда бірнеше локацияда абаттандыру бойынша маңызды жобалар жүзеге асып жатыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz
Өткен жылғы су тасқынынан зардап шеккен Ойқала шағын ауданы мен Былғары кентінде 74 скверді салу бойынша ауқымды жұмыстар басталды.
«Жобаға барлық аудандар мен қалалық ұйымдар қатысуда. Бірлескен күш-жігермен 2000 ағаш отырғызылып, шағын архитектуралық формалар, орындықтар, жарықтандыру, серуендеу аймағы орнатылады. Футзалға арналған екі модульдық спортзал салынып, балалар мен спорт алаңдары, волейбол және футбол алаңдары пайда болады», — деп жазды өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов.
Әлемдегі ең ұзын жаяу жүргіншілер аймағы — Қазақстан Конституциясы көшесін қайта жаңғырту басталды. Жоба үш кезеңде жүзеге асады. Қазіргі уақытта Астана көшесінен Парковая көшесіне дейінгі бөлікте инженерлік желілер мен тас төсеніштерді ауыстыру, көгалдандыру және ғимараттардың қасбетін бірыңғай сәулеттік стильде әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Біздің орталық көшеміз барлық жастағы адамдар үшін тартымды әрі заманауи орынға айналады.
Тағы бір маңызды жоба — мәдени-ағартушылық бағыттағы «Мағжан орталығының» құрылуы болмақ. Орталықтың жанында жаңа жайлы сквер салынады, ол сөзсіз қала тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналады.