Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Абу Дабидің тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян арасындағы келіссөздер нәтижесінде Түркістанда жаңа перзентхана салу туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz
Түркістан облысы әкімдігі мен Абу Даби даму қоры арасында Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян атындағы перзентхананың құрылысын салу және қаржыландыру жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум рәсімделді. Бұл жоба өңірдегі ана мен бала денсаулығын нығайтуға, медициналық инфрақұрылымды жетілдіруге бағытталған.
Сонымен қатар, келіссөздер қорытындысында Қазақстан Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктері Үкіметі арасында жел электр станциясы жобасын іске асыру жөніндегі келісімнің ратификацияланғаны жарияланды.