Атышулы «Алтын Орда» базарының экс-басшылары Қанат Алмабек пен Данияр Әбдіғапаровқа іздеу жарияланды. Екеуі де аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген деп жазады Ertenmedia.kz.
Олар кәсіпкерлерге жаңа павильоннан орын береміз деп ірі көлемде ақша алып, уәдесін орындамаған. Қазір екеуі де елден тыс жерде бой тасалап жүр.
Алматы облысының полициясы бұл екеуін іздеп жүргеніне екі жылдан басып барады.
Жалпы «Алтын Орда» бұрыннан даулы базар. 2013 жылдан 2022 жылдың сәуіріне дейін «Құрылыс LTD» ЖШС-ның меншігінде бол. Компанияны Болат Назарбаев басқарған.
Екі жыл бұрын базардың негізін қалаған Айдарбек Құсайынов өзіне тиесілі үлесті (40 пайыз) Болат Назарбаевқа беруге мәжбүр болғанын мәлімдеген. Сол даудан кейін базар басшылығы мен Назарбаевтар әулетіне жақын тұлғалар рейдерлік әрекетке қатысы бар деген күдікке ілінген.