БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Сырым ауданында өрт салдарынан бес бала қаза тапқан болатын. Өңір басшысы қаза болған балалардың ата-аналары мен жақындарына көңіл айтып, қайғыларына ортақтасты.
– Сырым ауданында қаза тапқан балалардың ата-аналары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Менің тапсырмам бойынша оқиға орнына орынбасарым барды, аудан әкімі оқиға орнында, барлық қажетті қызметтердің жұмысын үйлестіріп жатыр.
Әкімдік тарапынан барлық қажетті көмек көрсетіледі: жерлеу рәсімін ұйымдастыру, психологиялық көмек көрсету, баспанамен қамтамасыз ету және өзге де әлеуметтік қолдау шаралары.
Қазіргі уақытта оқиға орнында ТЖД мамандары, полиция департаментінің қызметкерлері, медицина қызметкерлері және басқа да тиісті қызмет өкілдері жұмыс істеуде.
Жағдай менің жіті бақылауымда, – деді облыс басшысы.