Алматы облысы әкімдігі мемлекеттік мекемелерде жұмыс уақыты өзгеретінін мәлім етті,- деп хабарлайды Ertenmedia
Алматы облысындағы мемлекеттік мекемелерде жұмыс уақыты 8:00–де басталып, 17:30–да аяқталады. Түскі үзіліс 12:30 бен 14:00 аралығында болады.
Еске салайық, биыл алғашқы болып Катонқарағай ауданында жұмыс уақыты бір сағатқа кері шегерілді. 12 наурыз күні Алтай және Ұлан аудандарында да жұмыс уақыты өзгерді. Одан кейін Шығыс Қазақстан облысындағы Глубокое және Шемонаиха аудандарында жұмыс уақыты бір сағатқа шегерілді.
Сонымен қатар наурыз айында Өскеменде жұмыс уақыты 1 сағатқа шегерілді. Онда жұмыс күні сағат 08:00–де басталып, 17:30–да аяқталады, түскі үзіліс 12:00–ден 13:30–ға дейін.