Алматы облысы әкімінің өкімімен Саят Маратұлы Қараласов 2025 жылғы 4 шілдеден бастап Алматы облысының су ресурстары және ирригация басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды,- деп хабарлайды Ertenmedia
Саят Маратұлы 1978 жылы дүниеге келген, білімі жоғары, 1995 жылы Қазақ Мемлекеттік көлік және коммуникациялар академиясын «Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы» мамандығы бойынша, 2010 жылы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Құрылыс» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы бастаған. Әр жылдары Алматы қаласының құрылыс басқармасында жетекші маман, бас маман, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасында бөлім басшысы, Жетісу облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы лауазымдарын атқарған.
2024 жылдың қыркүйегінен Алматы облысының құрылыс басқармасы басшысының орынбасары лауазымында қызмет етті.