2025 жылдың 7 айында Түркістан облысы бойынша 716 (2024 жылы 7 айы — 575) жол-көлік оқиғасы (ЖКО) тіркелді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 24,5%-ға өскен,- деп хабарлайды Ertenmedia
Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде зардап шеккендер саны 28,3% — ға артты (826-дан 1060-қа дейін), оның ішінде жарақат алғандар саны 26,7% — ға өсті (708-ден 897-ге дейін), қаза тапқандар саны 38,1% — ға өсті (118-ден 163-ке дейін).
Ең көп жол-көлік оқиғасы тіркелген аудандар, Жетісай — 107, Сайрам — 102, Түркістан қаласы — 93, Түлкібас — 46, Арыс — 45, Келес — 44, Төлеби — 36, Шардара — 33, Ордабасы — 32, Сауран — 30, Сарыағаш — 29, Созақ — 23, Отырар — 22, Қазығұрт – 21, Кентау қаласы — 19, Бәйдібек — 18, Мақтаарал – 16.
Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері әлі де жол қозғалысы ережелерінің сақталмауы болып табылады, соның ішінде белгіленген жылдамдықтың асыра орындалуы және жаяу жүргіншілердің жолды белгіленбеген жерден кесіп өтуі.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті облыс тұрғындары, қонақтар және туристерден Жол қозғалысы ережелерін сақтауды сұрайды.
Сондай-ақ, еліміздің жолдарындағы жол-көлік оқиғалары туралы толық ақпаратты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің «https//gis.kgp.kz» порталындағы «Авариялық карта» бөлімінен қарауға болатынын еске саламыз.
#Заң_мен_Тәртіп
#Закон_и_Порядок