Жаңа оқу жылының қарсаңында Түркістан облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 8 жаңа мектеп пен 2 жалпы орта білім ошағы ашылды.
Атап айтқанда, Төлеби ауданының Достық ауылында 900 орындық, Сайрам ауданының Ақсу ауылында 600 орындық жаңа мектептер пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, Шардара, Сауран, Келес, Сарыағаш, Ордабасы, Мақтаарал аудандары мен Арыс қаласында да 300-600 орындық жаңа оқу ошақтары пайдалануға берілді.

Сайрам ауданы, Ақсу ауылындағы жаңа мектептің ашылу рәсіміне қатысқан Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров ұстаздар мен оқушыларды Білім күнімен құттықтап, бұл бастаманың маңыздылығына ерекше тоқталды.

– жай ғана жаңа ғимараттар салу емес, сапалы білім беру жүйесін қалыптастыруға бағытталған кешенді реформа. Биылғы біздің өңірде осы жобамен 8 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Бұл – болашаққа салынған көпір. Мұғалімдер мен оқушылардың заманауи, қолайлы ортада еңбек етіп, білім алуы – еліміздің интеллектуалды әлеуетін арттыратын басты құрал. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырамыз, – деді Нұралхан Көшеров.
Жаңа мектеп заман талабына сай толық жабдықталған. Кең көлемді мәжіліс залы, заманауи шеберханалар, кітапхана, асхана, спорт залы, хореография залы, медициналық кабинеттер және бейнебақылау жүйелері қарастырылған. Бұл мектептерде тек білім берудің сапасы ғана емес, сонымен қатар оқушының шығармашылық әлеуетін ашуға, цифрлық сауаттылығын арттыруға, қауіпсіз және ыңғайлы орта қалыптастыруға баса мән беріледі.

Оның 13-і өткен оқу жылында пайдалануға берілсе, биылғы жаңа оқу жылында тағы 16 мектеп оқушыларға есік ашпақ.

Жаңа форматтағы бұл оқу орындары білім берудің жаңа мазмұнын іске асыруда, педагогтардың кәсіби өсуіне мүмкіндік туғызып, келешек ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруге негіз болмақ.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







