Қазақстан Үкіметі Ақтау қаласында Ресей Федерациясының Бас консулдығын ашу туралы келісімді мақұлдады, деп хабарлайды Ertenmedia.
2025 жылғы 10 қыркүйекте бекітілген келісімге Қазақстан атынан премьер-министрдің орынбасары, Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу қол қояды.
Жаңа консулдықтың аумағына Маңғыстау облысы кіреді.
Бұған дейін өңір Ресей Федерациясының Қазақстандағы Орал қаласында орналасқан Бас консулдығына қарасты еді.
Ақтаудағы жаңа Бас консулдық ашылғаннан кейін Маңғыстау облысының аумағы Оралдағы консулдық округінен алынып, Ақтаудың қарамағына өтеді.
Ресейдің Ақтауда консулдық ашу жоспары алғаш рет 2022 жылдың шілдесінде айтылған.
Сол кезде Ресей Сыртқы істер министрлігінің консулдық департаментінің директоры Иван Волынкин Ақтаудағы консулдық ресейлік туристердің көбеюіне байланысты ашылатынын, сонымен қатар Беларусь, Мексика және Өзбекстанда да жаңа консулдық мекемелердің жоспарланып отырғанын хабарлаған.
Жаңа консулдық өңірдегі ресейлік азаматтарға құқықтық және консулдық қызметтерді көрсетіп, туристік және іскерлік байланысты одан әрі нығайтады деп күтілуде.