Черногория Қазақстан сұратқан Дина Тәңсәріні қайтарудан бас тартты, деп хабарлайды Ertenmedia.
Осы елдің Жоғарғы соты құқық қорғаушыны экстрадициялау туралы Бас прокуратураның өтінішін қабылдамай тастады. Сот шешімі күшіне енген.
Осылайша, «НеМолчи» қорының жетекшісі Дина Тәңсәрі мен жұбайы Алмат Мұхамеджанов Черногорияда саяси босқын мәртебесіне ие болды.
Бұл оларға халықаралық шараларға қатысып, Қазақстандағы әйелдер құқығының бұзылуы туралы ашық айтуға мүмкіндік береді.
Құқық қорғаушы биыл сәуірде Подгорицада ұсталған еді. Бірақ тергеу соты оны келесі күні-ақ босатқан. Қазақстан билігі Тәңсәріге қарсы қылмыстық істі 2023 жылы «алаяқтық» бабы бойынша қозғаған болатын.
Кейінірек ол Қазақстан президентіне үндеу жариялап, Ішкі істер министрлігі тарапынан өзіне қарсы саяси астары бар қысым жасалып жатқанын мәлімдеген.