Бүгін облыс орталығы саналатын киелі Түркістанда халықаралық World CleanUp Day аясында ауқымды сенбілік өтті, деп жазады Ertenmedia.kz.
Тазалық шарасына қаладағы департаменттер мен басқармалар, дербес бөлімдер мен секторлар, коммуналдық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорын қызметкерлері, мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйым өкілдері, қала тұрғындары, түрлі серіктестіктер мен еріктілер қатысты. Ортақ іске жұрт болып жұмылу шаһардың тазалығына деген жауапкершілікті тағы бір көрсетті.
Сенбілік барысында 1000-нан астам адам және 22 арнайы техника тартылды. Бекзат Саттарханов даңғылы мен Қазыбек би көшесінің аралығындағы аумақта шөп шабылып, жаяу жүргінші жолдары тазартылды. Сондай-ақ тұрмыстық қалдықтар шығарылды.
Түркістан қаласының әкімдігі тұрғындарды тазалық жұмысына белсене қатысуға және өздері тұратын аумақты таза ұстауға шақырды. Қала келбеті күнделікті күтіммен көркейетіні тағы да аңғарылды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







