Елордадағы «Астана Арена» стадионында 21 қыркүйек күні аты аңызға айналған Backstreet Boys тобының концерті өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтарының ыңғайлылығы үшін арнайы шаттл-бастар қатынайды.
Шаттл-автобустар сағат 16:00-ден бастап бес бағытта қатынайды:
Астаналық цирк жанындағы автотұрақтан;
«Әзірет Сұлтан» мешітінен;
Сатпаев көшесіндегі «Қазақстан» спорт кешені жанындағы автотұрақтан;
Орталық саябақтан (Тұран даңғылы жағынан);
«Бас Мешіттен».
Маршруттар екі бағытта жұмыс істейді – стадионға дейін және қайтар уақытта.
Қосымша шаттл-бастардың қатынауы көлік кептелісін азайтып, тұрғындар мен қонақтарға қолайлы жағдай жасайды.