Қазақстандықтар қазан айында қатарынан үш күн демалады. 25 қазан – Республика күні 2022 жылдан бері ресми мереке әрі демалыс күні саналады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Биыл бұл күн сенбіге сәйкес келіп отыр. Қазақстан заңнамасына сәйкес, мереке күндері демалысқа түссе, ол келесі жұмыс күніне ауыстырылады. Осыған байланысты қосымша демалыс 27 қазан, дүйсенбіге беріледі.
Осылайша бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін азаматтар 25, 26 және 27 қазан күндері үш күн қатарынан демалады. Ал алты күндік жұмыс кестесінде жүргендер үшін 25–26 қазан демалыс болып, 27 қазан жұмыс күні болып қалады.
Республика күніне орай ел аумағында түрлі мәдени және қоғамдық іс-шаралар өткізу жоспарланған. Концерттер, фестивальдер, көрмелер мен спорттық жарыстар ұйымдастырылып, мерекелік атмосфера қалыптасады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







