Президент жарлығымен Ержан Ашықбаев Қазақстанның АҚШ-тағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды деп жазады Ertenmedia.
Ол бұл қызметті 2021 жылдың сәуірінен бері атқарып келген еді.
Бізге жеткен мәлімет бойынша, келер жылдан бастап екі елдің қарым-қатынасы айтарлықтай қарқын алады.
Осыған байланысты дип.корпуста өзгеріс болып, Уашингтондағы өкілдік қызметін күшейту үшін жаңа команда жасақталмақ.
Бұл бүгін таңертеңнен бергі дипломатиялық корпуста болған үшінші үлкен ауыс-түйіс.
Бұған дейін Мұрат Нұртілеу Сыртқы істер министрі қызметінен босап, оның орнына Ермек Көшербаев тағайындалған.
Ең қызығы АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі қызметі бірнеше айдан бері бос тұр. Осы орынға ұсынылған Жули Стафт әлі ресми түрде жұмысқа кіріскен жоқ.
Оның елімізге қатысты мәлімдемесі қазақтілді қауымның көңілінен шыққан еді.
Ақордадағы ауыс-түйіс: Тоқаев Нұртілеуді орнынан алып тастады