Бүгін Шардарада армрестлингтен әлем кубогының иегері, Азия және Қазақстан чемпионы Самат Мұқасанға жаңа пәтердің кілті табыс етілді, деп жазады Ertenmedia.kz.
Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев төрт бөлмелі жаңа пәтердің кілтін салтанатты жағдайда чемпионға ұсына отырып, спортшының елімізді халықаралық деңгейде танытудағы еңбегін жоғары бағалады.
– Самат Мұқасан мақсаткерліктің, еңбекқорлықтың және елге деген шынайы сүйіспеншіліктің айқын үлгісі. Осындай спортшылардың арқасында Шардараның ғана емес, бүкіл Қазақстанның абыройы асқақтай түсуде. Бұл марапат Саматтың табанды еңбегіне берілген лайықты баға әрі жастарға айқын өнеге, – деді аудан әкімі Арман Қарсыбаев.
Чемпионға берілген жаңа баспана – тек оның жетістігінің нәтижесі ғана емес, болашақта ел намысын қорғайтын спортшыларға шабыт сыйлайтын жарқын қадам.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







