Жұлдыз Сүлейменованың орнына Мәжіліске «AMANAT» партиясынан Әбутәліп Мұтәлі келді, деп жазады Ertenmedia.kz.
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында жаңа депутат Әбутәліп Мұтәлі Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің құрамына қабылданды.
Әбутәліп Мұтәлі – «Болашақ» бағдарламасының түлегі, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект саласының тәжірибелі маманы.
МЫНАНЫ ДА ОҚИ КЕТІҢІЗ
Алматыдағы Ұлттық кітапхана түн ортасына дейін жұмыс істейтін болдыМектеп зертханасынан өндіріске дейін: Отандық экзоскелет инклюзияға қалай көмектеседі?Жаңа технологияларды өзі жасайтын ел: Тәшенев университетінде маңызды жиын өттіОл 2022 жылдан бері «AMANAT» партиясы Атқарушы хатшысының кеңесшісі қызметін атқарып келді.
Еске сала кетсек, бұған дейін Мәжіліс депутаты болған Жұлдыз Сүлейменова Оқу-ағарту министрі болып тағайындалған соң, депутаттық мандатын тапсырған еді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







