2026 жылғы республикалық бюджет шығыстары елдің әлеуметтік бағыттағы приоритетін айқын көрсетеді. Жалпы 10,7 трлн теңге бөлініп, оның 6,8 трлн теңгесі әлеуметтік төлемдерге, ал 3,9 трлн теңге білім беру мен денсаулық сақтау сияқты адами капиталға инвестициялауға бағытталады.
Үкіметтің басты мақсаты – құрылымдық реформалар мен шығыстардың тиімділігін арттыру арқылы азаматтардың өмір сапасын жақсарту және әлеуметтік қорғанысты күшейту.
Мәселен денсаулық сақтау саласына 2,7 трлн. теңге көзделген. Биылғы жылмен салыстырғанда бұл қаражат 107 млрд. теңгеге артық. Бұл шаралар медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Осыған қоса білім және ғылым саласына – 901,7 млрд. теңге жоспарланып отырғанын айта кету керек. Бұл бағытта білім берудің сапасын арттыру, дарынды жастарды қолдау және ғылыми орталықтарды дамыту бойынша барлық басымдықтар сақталды.
Ал мәдениет, туризм және спортты дамытуға 2026 жылы 263,5 млрд теңге қарастырылған.
2026 жылы экономиканың өсіміне әсер ететін шығындар шамамен 1,2 трлн теңге жоспарланып отыр. Бұл ретте нақты секторды дамытуға арналған қаражаттың көлемі 540 млрд. теңгеге ұлғая отырып, 3,7 трлн теңге болады.