Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан – академиялық білім аймағы» атты халықаралық стратегиялық серіктестер форумына қатысуда, деп жазады Ertenmedia.kz.
Аталған жиынға әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының басшылары, халықаралық рейтингтік және аккредиттеу ұйымдарының өкілдері жиналды. Форум жоғары білім беру саласындағы жаһандық үрдістерді талқылауға және Қазақстанның академиялық кеңістіктегі орнын нығайтуға бағытталған.
Іс-шараға қатысушылар қатарында Quacquarelli Symonds халықаралық рейтингтік агенттігі, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты, Бейжің тіл және мәдениет университеті, Кардифф университеті, Вусонг университеті, МИФИ, Минерва университеті және өзге де беделді білім беру ұйымдары бар.
Форум аясында университеттер арасындағы ынтымақтастық, білім сапасын арттыру, халықаралық стандарттарға сәйкестік және академиялық мобильділік мәселелері қарастырылуда.
Бұл алаң Қазақстанның білім беру жүйесін жаһандық деңгейге шығарып, халықаралық серіктестік арқылы жаңа мүмкіндіктер ашуға бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланып отыр.
Балықты «миға пайдалы тағам» деп бекер айтпайды. Оның құрамында ағзаға аса қажет Омега-3 май қышқылдары бар.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







